Лента новостей

Семейдегі жедел медициналық жәрдем станциясына жаңа санитарлық автокөліктер берілді

Жаңа медициналық көліктер, Абай облысы жаңалықтары

Абай облысының медициналық ұйымдары биыл қыркүйек айына дейін 100 жаңа санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етіледі. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясына алғашқы 10 автокөліктің кілтін табыстады деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы техникалардың тозу деңгейі 90%-дан асқандықтан, облыстық бюджет пен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" арқылы Hyundai, JAC және "Газель" маркалы 100 көлік лизинг арқылы сатып алынды. 67 автокөлік облысқа, 33 автокөлік аудандарға беріледі. Барлығы GPS-навигация және медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Облыс әкімі жаңа көліктер жедел медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыратынын айтып, бұл қадам халыққа көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі мен деңгейін жақсартатынын атап өтті.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында 872 адам жұмыс істейді, күн сайын 620 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді, жылына 250 мың шақыртуға шығады.

Өңірде инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда: 60-тан астам жаңа нысан салынды, стационарлар мен амбулаториялар ашылды, қосымша ғимараттар құрылысы жүргізілуде. 2025 жылы денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Просмотров (328)
ТопДок 1