Лента новостей

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды автобус қағып кетті

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды автобус қағып кетті

Шымкентте автобус кәмелетке толмаған қызды қағып кетті.

Оңтүстік шаһарда қоғамдық көлік кәмелетке толмаған қызды қағып кетті,  - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 22 ақпанда сағат 10:30-да Байтұрсынов көшесінде болған. Апат салдарынан қыз көптеген дене жарақатын алған. Бұл туралы мегаполистің Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Дәрігерлердің айтуынша, қыз жабық бассүйек-ми жарақатымен балалар ауруханасына жатқызылған. Миы шайқалған, маңдай аймағы көгерген, кеуде қуысы және қабырғасы жараланған. Дәрігерлердің айтуынша, қызға операция қажет емес.

"2005 жылы туған науқас, ЖКО орнынан №1 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, онда оған КТ және ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Ол қазір қалалық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Травматикалық пунктте науқасты реаниматолог, нейрохирург қарап, миының жабық жарақаты диагнозымен нейротравматологияға жатқызылды", - деді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Куәгерлердің айтуынша, қыз жолды дұрыс емес жерден кесіп өткен. 27-автобустың жүргізушісі жол апатының алдын алуға тырысқанымен, қашу мүмкін болмаған.

Сурет: Tengrinews.kz

Просмотров (2259)
ТопДок 1