Лента новостей

Алаяқтар қазақстандықтарды президент атынан алдап жатыр

Алаяқтар қазақстандықтарды президент атынан алдап жатыр

Facebook әлеуметтік желісінде "Жомарт-Тоқаев" есімді аккаунт пайда болды.

Әлеуметтік желіде Президенттің фейк парақшасы ашылды.Онда ақшалай  сыйлықтардың ұтысы ойнатылады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жомарт-Тоқаев" деген Facebook парақшасында жүргізілген ұтыс – алаяқтардың ісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде екі-ақ ресми парақшасы бар. Олар Twitter-дегі @TokayevKZ парақшасы және Instagram-дағы tokayev_online парақшасы. Мемлекет басшысы Facebook желісіне тіркелмеген және ол жерде ұтыс ойынын өткізбейді". Бұл туралы StopFake.kz жазды.

Ақшалай сыйлықтар туралы уәде - алаяқтардың сүйікті тактикасы. Картаға "ұтып алған ақшаны" жіберуге уәде берген шабуылдаушылар пайдаланушылардың жеке дерегін, тіпті олардың ақшасын да ала алады.

"Төлем дерегін ұрлаудың тағы бір жолы - "халықаралық аударым" деген сылтаумен ақпарат алу. Алаяқтар ақшалай сыйлықты аудару үшін карта нөмірін ғана емес, басқа да деректерін сұрайды. Сіз ешкімге картаның жарамдылық мерзімін де, CVC-кодын да айтпауыңыз керек", - делінген хабарламада. 

Сурет: pexels

Просмотров (8854)
ТопДок 1