Лента новостей

Астанада бір мезетте 18 мыңнан астам бала асық ойнады

асық, Наурызнама, ұлттық спорт

Астана қаласында Ұлттық спорт күніне орай ерекше ауқымды шара өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап

Бір уақытта 18 мыңнан астам бала қазақтың көне ұлттық ойыны - асық ойнауға қатысты.

Іс-шара Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылды. Мәдени-спорттық бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Шара аясында 3000 бала "Алтын сақа" атты флешмобқа қатысып, арнайы композиция құрып, асықтың "алшы" түсу бейнесі мен "Алтын сақа" жазуын сомдады. Музыкалық сүйемелдеумен балалар түрлі би қимылдарын орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Бағдарламаны Айдар есімді жасанды интеллект жүргізді.

Флешмоб аяқталғаннан кейін жасанды интеллект қаладағы барлық білім беру ұйымдарында - балабақшалар мен мектептерде асық ойынының басталғанын ресми түрде жариялады.

Осылайша, белгі берілген сәтте елорда бойынша 18 мыңнан астам бала бір уақытта асық ойнауды бастап, ұлттық ойынға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (172)
ТопДок 1