Лента новостей

Семейде алғаш рет жүздеген үйге жазда ыстық су берілді

Семейде алғаш рет жүздеген үйге жазда ыстық су берілді

Семей қаласындағы 697 көпқабатты үйдің 685-іне ыстық су берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл жұмыстар облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Өткен жылы аймақ басшысы тұрғындарды жаз бойы тұрақты ыстық сумен қамту мәселесін шешу қажеттігін атап өткен болатын.

Мамандардың айтуынша, мәселені шешу үшін ауқымды дайындық жүргізілген. Атап айтқанда, жылыту маусымына дайындық кезінде 12,6 млрд теңге бөлініп, 23 жылу орталығы мен 22 шақырым жылу желісі жөнделді.

Қала әкімінің мәліметінше, сол жағалаудағы 277 үйдің 270-іне ыстық су қосылды, қалған 7 үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Оң жағалаудағы 420 үйдің 415-і ыстық сумен қамтылып, 5 үйде техникалық жұмыстар жалғасуда.

 Ыстық су сол жағалауда ЖЭО-1 арқылы, ал оң жағалауда Ғаббасов, “МЭН”, РК-3 қазандықтары арқылы берілуде.

Айта кетейік, 21 сәуірден бастап қалада жылу беру маусымы аяқталғанымен, ыстық су мәселесі жедел шешімін тапты. Жалпы, 2025–2026 жылғы жылыту маусымы тұрақты өтіп, жылу көздері штаттық режимде жұмыс істеді.

Бұл бастама – Семей тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі

Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (216)
ТопДок 1