Абай облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қала көшелерін патрульдеу барысында тәртіп сақшылары күдік тудырған Hyundai Accent автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 40 жастағы азамат болған. Құжаттарды тексеру кезінде оның алкогольдік масаң күйде болуы мүмкін екені анықталып, медициналық сараптама бұл күдікті растады.
Мамандардың айтуынша, мас күйінде көлік басқару — адам өміріне тікелей қауіп төндіреді. Мұндай жағдайда жүргізуші өзімен қатар, жолдағы өзге қатысушылардың өмірін де қатерге тігеді.
Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жауапкершілікке шақырып, жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға үндейді.
Фото: ЖИ
