Лента новостей

Семейде "су басу" туралы хабарлама жалған болып шықты

жалған, ақпарат, фейк

17 наурыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында кол-орталыққа Гастелло көшесіндегі өндірістік цехты су басты деген хабарлама түскен, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алайда оқиға орнына жедел жеткен қызметтер ақпараттың шындыққа жанаспайтынын анықтады - су басу дерегі тіркелмеген.

Тексеру барысында бұл хабарламаға негіз болған фотосуреттердің жасанды интеллект көмегімен жасалғаны белгілі болды. Анықталғандай, оларды цехты жалға алушы азамат "әзіл" ретінде дайындаған.

Аталған факті бойынша 27 жастағы тұрғын жауапкершілікке тартылып, өз кінәсін толық мойындады.

Абай облысы Полиция департаменті ескертеді: жасанды интеллект арқылы жасалған жалған материалдар қоғамды адастыруы мүмкін. Мұндай әрекеттер қалжың ретінде қабылданғанымен, заң алдында жауапкершілікке әкеледі.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (161)
ТопДок 1