Лента новостей

Семейліктер интернационал-жауынгерлерді еске алды

Семейліктер интернационал-жауынгерлерді еске алды

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толды.

Бүгін Семей қаласындағы Ауған соғысы ардагерлерінің монументінде ауған соғысы ардагерлері мен қала тұрғындарының және "Жас Ұлан" лицейінің оқушыларының қатысуымен "Ерлікке тағзым" шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков және Семей қаласы әкімінің орынбасары Данияр Шәкәрімов қатысты.


 “Сіздердің өшпес ерліктеріңіз әрқашанда бізге өнеге. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, бағасы артуда, мәні мейлінше тереңдеп, даралана түсуде",- деді қала әкімінің орынбасары Данияр Шәкәрімов.
 

Жиналған қауым алдымен сол соғыста мерт болған жауынгерлердің құрметіне қойылған монументке гүл шоқтарын қойып, марқұмдарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Бүгінгі таңда Абай облысында барлығы 750-ден астам интернационалист жауынгер бар. Семей қаласында 433 ауған жауынгері тұрады. Ауған соғысының ардагерлері қазіргі уақытта жастар арасында патриоттық жұмыс жүргізуді жалғастыруда.

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (1754)
ТопДок 1