Павлодардағы әскери бөлімдердің біріндегі атыста жарақаттанған сарбаздың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Павлодар қалалық №1 ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жарақат алған сарбаз 2001 жылы туған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", - делінген хабарламада.
Бұған дейін жазғанымыздай, сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан, салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алған еді.
Фото: ЖИ
