Лента новостей

Семейдегі бір ықшам ауданның жол мәселесіне қатысты қала әкімдігі жауап берді

Северный

Бұған дейін Қарағайлы ықшам ауданындағы Северный базар маңындағы жолдың жағдайы мен көше жарықтандыру мәселесін Arnapress.kz редакциясы көтерген болатын. Осыған байланысты Cемей қаласының әкімдігі ресми пікір білдірді. Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған аумақ орташа жөндеу жүргізілетін жолдар тізіміне енгізілмеген, ал көше жарықтандыруын орнату 2026–2027 жылдарға арналған жоспарға қосылған.

Аталған ақпаратты нақтылау мақсатында редакция қала әкімінің баспасөз қызметіне хабарласты. Онда бұл мәселе бойынша қалалық көлік және жол инфрақұрылымы басқармасына жүгінуді ұсынды.

Өз кезегінде, жауапты мекеме өкілдері Северный базар маңындағы жол мәселесі қазіргі таңда жоспарға енгізілмегенін растады. Дегенмен, 2026 жылы қаржы үнемделген жағдайда бұл аумақты жөндеу мәселесі қосымша қарастырылуы мүмкін екенін атап өтті.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (340)
ТопДок 1