Лента новостей

Уақытты өзгерту талқысы: Абай облысының әкімі тұрғындарға 1 сағат ерте келіп-кетуді ұсынды

Берік Уәли

Абай облысы әкімі Берік Уәли тұрғындардың уақытты бұрынғы тәртіпке қайтару туралы ұсынысына да пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, жұмыс уақытын өзгерту мәселесін әр мекеменің ішкі келісімі арқылы шешуге болады. Ол тұрғындарға өздеріне ыңғайлы кесте бойынша жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

"Өздеріңіздің уақыттарыңызға қарай әр мекемемен келісіп, қазір жұмысты таңғы 8:00-де бастап жүрсеңіздер, 7:00-де бастап, бір сағат ерте кетулеріңізге болады. Сол сияқты, мектеп пен балабақшамен де келісіп, егер жұмыс уақыты 9:00-ден 18:00-ге дейін болса, оны 8:00-ден 17:00-ге ауыстыруға мүмкіндік бар. Мен бұған қарсы емеспін. Екі ай шыдасаңыздар, жалпы күн де ұзарады", – деді облыс әкімі.

Әкім бұл мәселенің жергілікті деңгейде өзара келісім арқылы шешілуі мүмкін екенін атап өтті.

Гүлнұр АХМЕТЖАН

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (317)
ТопДок 1