Лента новостей

Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер саны артып келеді

тікұшақ

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті БАӘ авиациялық биліктерімен бірлесіп, мереке күндері мен каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін "Fly Dubai" әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр. Рейстер Б-737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.

Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды.

Фото: Polet.me

Просмотров (2771)
ТопДок 1