Лента новостей

Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандар саны 11-ге жетті

Щучинск, 11 адам, қаза болды, жарылыс

Ақмола облысының Щучинск қаласында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады дейді Arnapress.kz

Мәліметке сәйкес, 8 наурыз күні Щучинск қаласындағы стационардың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан зардап шеккендердің бірі көз жұмған. Ал 9 наурызда Көкшетау қаласындағы ауруханада тағы бір науқас қайтыс болды.

Еске салайық, 26 ақпан күні кешке Щучинск қаласындағы "Палау орталығы" дәмханасында жарылыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан орын алған.

Оқиғадан кейін 2 наурызда дәмхана иесі ұсталып, 4 наурыз күні сот шешімімен екі айға қамауға алынған.

Қайғылы жағдайдан соң Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігіне жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін және газ қызметтерінің жұмысын бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ профилактикалық рейдтер өткізіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру міндеттелді.

Фото: жасанды интеллект

Просмотров (160)
ТопДок 1