Лента новостей

Тағы үш отандасымыз Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңінде жартылай финалға шықты

Спортшы

Үш қазақстандық Лондон төріндегі іріктеу ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді.

Лондонда теннистен Ашық чемпионаттың іріктеу кезеңі басталып кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Денис Евсеев француз теннисшісі Маттео Мартиноны  6:7 (4:7), 6:2, 7:6 (10:7) есебімен ұтты. Екінші айналымда Денис тағы бір француз теннисшісі Титуан Дрогемен (133 АТР) өзара бақ сынасатын болады.

Бейбіт Жұқаев әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовты қапы қалдырды. Есеп – 7:6 (7:5), 7:6 (9:7). Бейбіт енді алда серб теннисшісі Хамад Медьедовичпен (127 АТР) финалға жолдаманы өзара сарапқа салады.

Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноны жеңді. Есеп – 6:3, 6:3. Екінші айналымда Тимофей словакиялық Лукаш Клейнмен (129 АТР) кездесетін болады.

Сурет: ktf.kz

Просмотров (3951)
ТопДок 1