
Футбол сүйер қауым тартысты ойынды күтуде.
11 тамызда сағат 17.00-де "Спартак" стадионында кезекті футбол матчы өтеді, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Семейлік "Елімай" "Тұран" футбол командасын қабылдайды.
"Бұл тартысты ойын болмақ. Себебі жеңіпмпаз команда 6 ұпайға ие болады. "Тұран" - біздің команданың басты қарсыласы және осы жұмада біз өте әсерлі ойын көретін боламыз", - делінген футбол клубының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кету керек, футбол клубы жанкүйерлері үшін жағымды сыйлық дайындады. Матчта 5-ші буынның Play Station ойнатылады.
Сурет: prosports.kz