Лента новостей

Аида Балаева: Балаларды әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесін қарастырып жатыр

әлеуметтік желіні шектеу, балалар, қарастырылуда

Балалардың әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатқандығын Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Оның сөзінше, Мәдениет және ақпарат министрлігі 16 жасқа толмаған азаматтар үшін әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салуды көздейтін онлайн-платформалар мен БАҚ қызметін реттейтін заң жобаларын әзірледі.

«Халықтың медиасауатын арттыруға және тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта салалық журналистиканы дамыту комиссиясы және басқа да тетіктер арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен БАҚ арасындағы жарнама бөлу және кейбір тауарларды жарнамалауға тыйымды ішінара алып тастау мүмкіндіктері заңнамалық тұрғыдан қарастырылады», - деді Аида Балаева.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (305)
ТопДок 1