
ТЖМ қызметкерлері өрттің сауда үйіне таралуына жол бермеді.
Семей қаласы Шугаев көшесіндегі сауда үйінде өрт шықты, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, төрт қабатты сауда орталығының төртінші қабатында орналасқан дәмхана бөлмесінде өрт шықты.
"Өрт сөндірушілер шұғыл жетіп, жалынның ғимаратқа таралуына жол бермеді. Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда", - делінген хабарламада.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі