Лента новостей

Абай облысында бір аптада мыңнан аса құқықбұзушылық тіркелген

Полиция қызметкері

Қауіпсіз жол жедел профилактикалық шарасы аясында Абай облысында 1000-нан аса құқықбұзушылық тіркелген.

Абай облысында қыркүйек айының 15-30 аралығында "Қауіпсіз жол" атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы қатысушылары арасында тәртіпті нығайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Аталған іс-шара аясында облыс аумағында жүргізілген рейдтік тексерулер мен бақылау шараларының нәтижесінде 1000-нан аса құқықбұзушылық фактісі тіркелді.

"Соның ішінде ең көп тіркелген заңбұзушылықтардың бірі – қауіпсіздік белдігін тақпау және жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау болды. Бұл бағытта 200 дерек анықталды. Жүргізушілердің кейбірі көлік қозғалысы кезінде белдік тақпай, жолаушылардың да қауіпсіздігін ескерусіз қалдырған. Сонымен қатар, жолаушыларды, жүк пен багажды тасымалдау ережелерін бұзу бойынша 13 жағдай тіркелген. Бұл – көлікпен жолаушы немесе жүк тасымалдау кезінде бекітілген ережелердің сақталмауын білдіреді", - деп жазылған 

Техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдарын пайдалану мәселесі де назардан тыс қалмады. Іс-шара барысында 70 көлік құралының техникалық байқаудан өтпегені белгілі болды. Бұл жағдайлар бойынша әкімшілік шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, міндетті сақтандыру туралы ҚР заңнамасын бұзу деректері де тіркелді – мұндай 65 жағдай анықталды. Көлік иелері сақтандыру полисінсіз немесе мерзімі өткен құжаттармен жолға шыққан.

"Көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон немесе радиостанцияны пайдаланған 59 жүргізуші анықталып, олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушілер көлік тізгінінде отырғанда байланыс құралдарын пайдалану арқылы өздеріне де, өзгелерге де қауіп төндіретіні белгілі. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ немесе тіркелмеген көлік құралын басқару бойынша 22 дерек тіркелді. Бұл көлік құралдарының заңсыз пайдаланылып жүргенін көрсетеді. Сонымен қатар, көлік құралын рұқсатсыз қайта жабдықтау бойынша 12 жағдай анықталды. Яғни, көлік иелері техникалық талаптарды бұза отырып, көлік құрылымына өзгеріс енгізген", - делінген хабарламада.

Барлық анықталған құқықбұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдануда. "Қауіпсіз жол" іс-шарасы шеңберінде жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар жол қозғалысына қатысушылардың тәртіпті сақтауына және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Просмотров (257)
ТопДок 1