Лента новостей

Абай облысында 1,2 миллион теңге алимент бойынша қарызы бар азамат анықталды

Полиция қызметкері

41 жастағы ер адам баласына материалдық көмек көрсетуден жалтарып келген.

Абай облысында көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері алимент төлемей жүрген тұрғынды анықтады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аксуат ауданы полиция бөлімінің мәліметінше, 41 жастағы ер адам баласына материалдық көмек көрсетуден жалтарып келген. Оның жалпы қарызы 1 200 000 теңгеден асқан", - делінген хабарламада.

Іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер борышкердің Өскемен қаласында жүргенін анықтап, оның құжаттарын сот орындаушыларына жолдады. Енді тиісті шаралар заң аясында қолға алынады.

Полиция департаментінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері Абай облысында көші-қон қызметінің бөлімшелері 65 борышкерді анықтаған. Олардың ішінде алименттен бөлек, салық және материалдық шығынды өтеуден жалтарған азаматтар да бар.

Құзырлы органдар жауапсыздық танытқан азаматтардың заң алдында міндетті түрде жауап беретінін ескертеді. Алимент төлеу – ата-ананың заңмен бекітілген, әрі адамгершілік тұрғысынан да маңызды борышы.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі 

Просмотров (1776)
ТопДок 1