Лента новостей

Абай облысында ірі есірткі тасымалдау арнасы кесілді

есірткі тәркілеу

110 килограмнан астам марихуана тәркіленді.

Абай облысында ірі есірткі тасымалдау арнасы кесілді, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының полиция қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп, Прокуратураның үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізудің тұрақты арнасын жою бойынша іс-шаралар жүргізді.

 

"Жедел іс-шаралар барысында автокөлікпен ірі көлемде есірткі тасымалдап бара жатқан үш жергілікті тұрғын ұсталды. Нәтижесінде 110 килограмнан астам марихуана тәркіленді, оның нарықтық құны 35 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қылмыстық топ жасаған іс-әрекетке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аймақта есірткінің заңсыз айналымына қарсы белсенді күрес жалғасуда.

Сурет: Polisia.kz

Просмотров (1712)
ТопДок 1