Лента новостей

Қазақстан шекарасында үш мыңнан аса адам ұсталған

Әскерилер

Өткен айда Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін шекарада үш мыңнан аса адам ұсталды.

Бұл мәліметтерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі келтіріп отыр, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметі мәліметінше, шекара кеңістігінде 3 186 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталған, оның ішінде:

  • 38 шетел азаматтары шекараны бұзғаны үшін;
  • 29 шетел азаматтары шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.

"Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде: 49 факт – есірткі заттары, жалпы салмағы 780 келіден жоғары; 36 факт – ату қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана ату, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер); 38 факт – діни әдебиет (842 дана); 341 факт – жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (133 тоннадан астам); 744 факт – жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары; 134 факт – жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам шетел валютасы", - делінген хабарламада.

Сурет: Tengrinews.kz

Просмотров (2551)
ТопДок 1