Лента новостей

Балқашта бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады

ашық терезе

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.

Қарағанды облысында бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

26 шілдеде Балқаштағы 6-шағынауданда ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлады.

Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу ережелерін еске салды:

  • Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала оның артында өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді;
  • Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыздар. 

Сурет: Tengrinews.kz 

Просмотров (1964)
ТопДок 1