Лента новостей

Өскеменде қылмыскерді қолға түсіру бойынша операция өтті

Өскеменде қылмыскерді қолға түсіру бойынша операция өтті

ШҚО полицейлері қылмыстық құқық бұзушыны ұстады.

Өскемен қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 30 жастағы іздестірудегі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған адам бұған дейін ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен  сотталған болатын. Сот қаулысына сәйкес ол қалған өтелмеген мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алайда тұрғылықты жеріне келмеген, сәйкесінше оған Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен іздестіру жарияланды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан құқық қорғау органдары іздестірудегі  40 қылмыскерді ұстады.

Сурет: ШҚО ПД Баспасөз қызметі

Просмотров (2033)
Citeco Jagalau 1 ТопДок 1