Лента новостей

Семей қаласының полицейлері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарды

Семей қаласының полицейлері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарды

Полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған азаматты тұншықтырғыштан босатып, алғашқы көмек көрсетті.

Семей қаласының Жедел басқару орталығына отбасылық жанжал туралы хабарлама түсті. Оқиға орынана бірден патрульдік полиция қызметкерлері барды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шақырту мекен-жайына барған полицейлер әжетхананың есігін жұлып ашып, ер адамның асылып тұрғанын анықтайды. Оқиға барысында полицейлер азаматты тұншықтырғыш түйіннен босатып, жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Сурет: ves-vesti.ru

Просмотров (2166)
ТопДок 1