
Өрт елорданың оңтүстік-шығыс шағын ауданы Айнакөл көшесіндегі көлік жөндеу стансасынан (СТО) шыққан.
Елордада көліктерге арналған техникалық байқау стансасынан өрт шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"9 ақпанда сағат 13:57-де Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшесіне өрт туралы хабар жетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта барып, 200 шаршы метр аумақта жеке үйге жақын, техиникалық қызмет көрсету стансасының жанып жатқанын анықтады. ТҚС ішіндегі екі көлік өртеніп кетті. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер сағат 14:44-те оқшаулады", - делінген ресми хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сағат 15:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Фото: Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметі