Лента новостей

Абай облысының орталығында ізін суытпай қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Абай облысының орталығында ізін суытпай қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

2023 жылғы қаңтар айының соңында "102" арнасына қарақшылық шабуыл туралы хабарлама түсті.

Семейдегі ет дүкендерінің бірінде жұмыс істейтін 49 жастағы қала тұрғыны қарақшылықтың құрбаны болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі

Жәбірленушінің айтуынша, оған екі жас бала шабуыл жасап, ұрып-соғып, қалтасындағы ақшасын алып алған. Келтірілген залал сомасы 20 мың теңгені құрайды, - деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нариман Күлдіков.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық ПД-нің криминалдық полиция қызметкерлерімен  «ізін суытпай» қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Семей қаласының екі тұрғыны ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарақшылық фактісі бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: 5region.kz

Просмотров (1926)
ТопДок 1