Лента новостей

Қаза болған өрт сөндірушіні еске алуға арналған әсерлі видеоны ТЖМ желі ішінде жариялады

Батыр

Өрт сөндіруші Асқар Забикулинді еске алуға арналған ТЖМ жариялаған видео желі ішінде тарап кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Ағымдағы жылдың 16 қарашасы Астанада көпқабатты үйде өрт шықты. 15 қабатты тұрғын үйдің 11-қабатында 50 шаршы метр аумақтағы пәтер ашық жалынмен өртеніп, қатты түтін шыққан.

Өртеніп жатқан пәтерге терезе арқылы кіру үшін Забикулин Асқар жауынгерлік киімін шешіп, тек камуфляжбен және бетпердемен жанып жатқан бөлмелерді аралап, әжесі мен немересін өрттен алып шықты, содан кейін көрші пәтерден он жасар баланы аман алып қалды – бала қорыққанынан балконға тығылып қалған.

Өрт салдарынан Забикулин Асқардың денесінің 80 пайызын күйік шалған. Тілсіз жау салдарынан Асқар Забикулин 20 қараша күні қаза тапты. 

Сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Астана қаласындағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады.

Фото: бейнебаяннан скриншот

Теги: , , ,
Просмотров (2608)
ТопДок 1