
Оған себеп - басқа жұмысқа ауысуы, делінген хабарламада.
Алма Мұқанова әділет вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұқанованы қызметінен босату туралы Үкімет қаулысы республиканың нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің платформасында жарияланды.
"Алма Қайратқызы Мұқанова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі қызметінен босатылсын", - делінген Үкімет қаулысында.
Айта кетейік, Алма Мұқанова бұл қызметке 2022 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.
Сурет: gov.kz