Лента новостей

Түркістанның бұрынғы әкімі Рашид Аюпов уақытша ұстау изоляторына қамалды

Түркістанның бұрынғы әкімі Рашид Аюпов уақытша ұстау изоляторына қамалды

Экс-әкім Рашид Аюповтың уақытша ұстау изоляторына пара берді деген күдікпен қамалды

Түркістанның экс-әкімі Рашид Аюпов уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өкілдері Түркістанның бұрынғы әкімі Рашид Аюповтың елорданың тергеу изоляторында қамауда отырғаны туралы ақпаратты растады.

"Аюпов Р.А. 2022 жылғы 17 қазаннан бастап Астана бойынша ҚАЖ департаментінің №64 аралас күзет мекемесінде (СИЗО) ұсталды. Қазір Аюпов Р.А.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігі, 312-бабының 5-бөлігі "Пара беру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр",- деді ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі өкілдері

Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтары мен міндеттері бар екені хабарланды.

"Сондай-ақ, олардың мекеме кітапханасынан кітаптар алуға, заңгерлермен, қоғамдық қорғаушылармен және туыстарымен кездесуге мүмкіндіктері бар", - дейді министрліктегілер.

Сурет: Tengrinews.kz

Просмотров (3047)
ТопДок 1