Лента новостей

Абай облысында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Полиция

Оған жеке сот орындаушылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

23-25 қыркүйегі аралығында Абай облысында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. 

Бұл шараның мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау.

Іс-шара жазалау сипатында емес, алдын алу сипатында жүргізіледі. Себебі әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған адамды заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ, құқық бұзушының өзі де, басқа да адамдар да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Сонымен қатар, заңнамада борышкерлер әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл сомасының 50%-ын төлеуге құқылы екендігі көзделген.

"Сондай-ақ, айыппұл уақытында төленбеген жағдайда, айыппұл салу туралы қаулылар мәжбүрлеп орындатуға жолданатынын және оларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылатынын ескертеміз", - делінген Абай облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сурет: ашық дереккөздерден 

Просмотров (1863)
ТопДок 1