
Жәрмеңкеде Абай облысында тігілген мектеп формалары ұсынынлды.
Оқу жылы қарсаңында Семейде мектеп формасының жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шара Абай облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен өңіріміздің жеңіл өнеркәсіп ұйымдарына қолдау көрсету мақсатымен өтіп жатыр.
"Жәрмеңке 1-6 тамыз күндері аралығында өтеді. Оған облысымыздың 5 кәсіпорыны өнімдерін ұсынып отыр. Тауар бағалары қол жетімді, сапасы жоғары", - делінген хабарламада.
Мекенжайы: Сәтбаев көшесі, 164 «Ертіс» сауда орталығы (Тері өңдеу зауыты ауданы) Уақыты: 09.00-17.00 аралығы. Қатынайтын қоғамдық көліктер: №2, №3, №16, №22.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі