Лента новостей

Абай облысында Алакөл курорттық аймақты дамытудың "Жол картасы" әзірленді

Абай облысында Алакөл курорттық аймақты дамытудың "Жол картасы" әзірленді

Оның аясында түрлі бағыттар бойынша 40-тан аса іс-шара көзделген.

Абай облысында Алакөл курорттық аймақты дамытудың "Жол картасы" әзірленді, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов мәлімдеді.

Әкім орынбасарының айтуынша, Алакөл көлінде демалыс жағдайларын жақсарту үшін келесі жұмыстар жүргізіледі:

  • Жоғары вольтты желісінің құрылысы;
  • Көше жарықтарын күн сәулесінен қуат алатын баламалы түрге ауыстыру;
  • Жаяу жүргіншілер үшін таза ауыз су бұрқақтарын орнату;
  • Ассенизаторлардың жұмысын жүйелендіріп, модульдік және биотуалеттер орнату. Айта кететін жаңалық, осы жылдан бастап бұл қызмет демалушылар үшін тегін болады;
  • Жедел басқару орталығына қосыла отырып, бейнебақылаумен толықтай қамтамасыз ету;
  • Жер және сәулет-қала құрылысы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтай отырып, аумақты салудың бас жоспарын қайта қарастыру;
  • Қатты тұрмыстық қалдықтардың шығарылуын бақылауды күшейту және полигон салу, техника, жаңа урналар мен контейнерлер орнату;
  • Туристік аймақта жолдарды жөндеу және Қабанбай ауылының айналма жолын салу;
  • Қоғамдық тәртібіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін 50-ден 100-ге дейін көбейту.
  • Құтқарушылардың санын көбейтіп, қажетті техникалармен қамтамасыз ету;
  • Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қабанбай ауылында өрт депосын салу;
  • Қоғамдық жағажайларды жайластыру, банкоматтар орнату, визит-орталығын жандандыру және интернет желесін күшейту;
  • Мәдени іс-шараларды өткізу;
  • Үржар әуежайының жарық сигналдық жабдығы, бейнебақылау, сыртқы жарықтандыру жүйесін қайта жаңарту;
  • Әуежай терминалын реконструкциялау;
  • Алматы - Үржар - Семей - Үржар - Алматы бағыттары бойынша рейстер аптасына 2 рет ұшатын болады. Маусым мен тамыз айлары аралығында рейстер аптасына 3-4 ретке дейін ұлғайтылады;
  • QAZAQ AIR әуекомпаниясы 15 мамырдан бастап Астанадан Үржарға тікелей әуе қатынасын іске қосты;
  • 2027 жылға дейін жаңа аймақтарды қоса алғанда, көлдің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізу және т.б.

Сурет: ашық дереккөздерден

Просмотров (2186)
ТопДок 1