Лента новостей

Астанадан Үржарға әуе рейстері іске қосылады

Астанадан Үржарға әуе рейстері іске қосылады

15 мамырдан бастап Астанадан Үржарға әуе рейстері іске қосылады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 15 мамырдан бастап Астанадан Үржарға тікелей әуе қатынасын іске қосады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейстер кесте бойынша жұма мен жексенбіден басқа аптасына 5 рет жиілікпен орындалады:
 
IQ 537 Астана (11:55) - Үржар (13:50)
IQ 538 Үржар (14:30) – Астана (16:30)

 
Астана-Үржар-Астана бағыты бойынша ұшулар жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалатын болады.

14 жасқа дейінгі балаларға компания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытқа 16 000 теңгені құрайды.

Билеттерді қазірден бастап flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.  

Сурет: flyqazaq.com

Просмотров (1716)
ТопДок 1