Лента новостей

Қазақстандықтардың тегін заңгерлік көмек алуға мүмкіндігі бар

Қазақстандықтардың  тегін заңгерлік көмек алуға мүмкіндігі бар

Қазақстан бойынша барлық ұялы байланыс операторына және стационарлық телефондар арқылы қоңырау шалу тегін.

Жаңа мүмкіндік туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі

ҚР Әділет министрлігі халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде ҚР кезекті қызметті іске қосады.

Осылайша, Бірыңғай байланыс орталығының базасында 1414 нөмірі бойынша консультациялық көмек азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардан заң мәселелері бойынша да кеңес беріледі.

Фото: e-gov.kz

Просмотров (2362)
ТопДок 1