
Штаб отырысы күн сайын өткізіліп, одан кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновке есеп беріледі.
Премьер-Министр 2024 жылғы 10 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабты құру туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел штаб құрамына мыналар кіреді:
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, басшы;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
- Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;
- Қазақстан Республикасының Көлік министрі;
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
- Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі;
- "Самұрық-Қазына" Халықтық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша);
- "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша).
Штаб отырысы күн сайын өткізіліп, одан кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновке есеп беріледі.
Бұйрық 2024 жылғы 10 маусымда күшіне енді.
Сурет: primeminister.kz