Лента новостей

Қазақстанда темекі қымбаттайды

Шылым

Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға жіберіледі.

Қазақстанда темекі, сондай-ақ папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Құжат бойынша, 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға: 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 820 теңге; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге болады.

Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға жіберіледі.

Еске салайық, қазір Қазақстанда бір қорап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 770 теңге болады.

Сурет: depositphotos.com

Просмотров (9318)
ТопДок 1