Лента новостей

Абай облысының шекарашылары ірі көлемдегі қолма-қол ақшаның заңсыз тасымалдануын анықталды

рубль, доллар

Заң бұзушы ҚР азаматы болып шықты.

Шекаралық бақылау кезінде ірі көлемдегі қолма-қол ақшаның заңсыз тасымалдануы анықталды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 2 сәуірде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің Семей шекара басқармасына қарасты “Ауыл” автомобильдік шекаралық бақылау бөлімшесінің шекара наряды “Семей – Новосибирск” бағытында кетіп бара жатқан Volkswagen маркалы көлікті тоқтатты.

"Көлік жүргізушісі – И.Е. есімді ҚР азаматы. Автокөлікті тексеру барысында оның жеке қол сөмкесінің қалтасынан 10 000 АҚШ доллары мен 1 000 000 Ресей рублі көлеміндегі қолма-қол ақша табылды. 

Аталған азамат Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығының 1-тармағына сәйкес, елден шығарылмай, өткізу пунктінен кері қайтты", - делінген хабарламада.

Табылған қаражат тексерілгеннен кейін, оның иесіне қайтарылды.

Сурет: ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Просмотров (4124)
ТопДок 1