Лента новостей

Ауа райына байланысты Семейде автожолдар жабылды

жол, ауарайы, жабылды

17 сәуір күні сағат 09:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына (қалың қар, көктайғақ) байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. 

Шектеу жол қызметтерінің арнайы техникасынан басқа барлық көлік түрлеріне қатысты

Атап айтқанда, KAZ07 тасжолының Семей – Қалбатау (756–906 км) және Қалбатау – Көкпекті (910–1002 км) учаскелері жабылды. Сондай-ақ, KAZ08 автожолының Аягөз – Қалбатау (778–967 км) және Қалбатау – ШҚО шекарасы (971–1013 км) аралығы шектелді. Бұдан бөлек, KAZ21 Өскемен – Семей бағытының 103–198 шақырым аралығында қозғалыс тоқтатылды.

Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданды.

Жүргізушілерге ауа райы тұрақталғанға дейін аталған бағыттарға шықпау, сондай-ақ ресми ақпарат көздерін қадағалап отыру ұсынылады. Қозғалыс қайта ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Фото: ЖИ

Просмотров (136)
ТопДок 1