Лента новостей

Руслан Берденов Алматыда жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Берденов

Шенеунік Алматы әкімдігіне қарасты орталықтың басшысы болды.

Шымкенттің бұрынғы әкімінің орынбасары Руслан Берденов "Алматы қаласын дамыту орталығы" ұйымының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы оның әріптесі, қоғам белсендісі Бейбіт Әлібеков 4 қазан күні өзінің Telegram-арнасында жазды.

"Бұл — жобалық кеңсе. Олардың командасы Аюсай, Шарын, Көлсай өңірлерін қалай көркейткенін, сондай-ақ Sandyq, Tary сияқты жобаларды іске қосқанын ескерсек, дәл осындай команда Алматыға ауадай қажет. Енді қоғамдық көлік, кептеліс, инвестиция мен туризмге қатысты барлық идеяны тез арада іске асыра аламыз деп үміттенемін", - деп жазды Әлібеков.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуір күні Руслан Берденовке қару қолданылған шабуыл жасалған болатын. "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-ның бұрынғы басшысы Ернар Жиембай оған бес рет оқ атқан. Шенеунік ауыр жараланып, шұғыл ота жасалған.

Кейін сот шешімімен Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал тамыз айының соңында Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кеткен еді.

Сурет: mazhilis.parlam.kz

Просмотров (236)
ТопДок 1