Лента новостей

Семейде жол апаты: мас күйдегі жүргізуші рөлге отырып, көлік апаты болды

жол апаты, мас күйде, құқық

Семей қаласының Қаржаубайұлы көшесінде, реттелетін қиылыстардың бірінде "Toyota Alphard" пен "Kia" автокөліктері қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап

55 жастағы Семей қаласының тұрғыны "Toyota Alphard" автокөлігін басқарған. Ол 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген "Kia" автокөлігін соқты.

Тексеру барысында 55 жастағы жүргізушінің алкогольдік мас күйде екені анықталды. Сонымен қатар, 2023 жылы Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ол көлік басқару құқығынан айырылған болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысы оның орта дәрежелі алкогольдік мас күйде болғанын растады.

Құқық бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, ал өзі Семей қаласындағы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді.

Қазіргі уақытта көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның алкогольдік мас күйде көлік басқаруы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (177)
ТопДок 1