Лента новостей

Биылғы Рамазан айы 19 ақпанда басталады - Абай облысының бас имамы мәлімдеді

ораза, қадір түні, пітір садақа

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында биылғы Рамазан айына қатысты мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz

Имамның айтуынша, биылғы қасиетті Рамазан айы 19 ақпан күні басталады. Ораза 29 күнге созылады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт мерекесі 20 наурыз күні атап өтіледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы садақалардың мөлшерін бекітті. Пітір садақа 2 келі ұнның орташа бағасы негізге алынып, 735 теңге болып белгіленді. Денсаулығына байланысты ораза ұстай алмайтын азаматтар үшін күніне шамамен 4000 теңге. Мүмкіндігі шектеулі жандар пітір садақасының мөлшерінде де төлей алады.

Елді мекендер бойынша ораза және намаз кестелерін мүфтияттың ресми muftyat.kz сайтынан немесе @MuftyatBot Telegram-ботынан алуға болады.

Асқар Әбітайұлы Рамазан айы - мейірім мен кешірім айы екенін еске салып, осы кезеңде қайырымдылық істерді көбейтуге шақырды. Сонымен қатар, Абай облысында Рамазан айына арналған арнайы жоспар бекітіліп, рухани және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылатыны айтылды.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (267)
ТопДок 1